• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Тамыз, 2020

Елордада бірдей мемлекеттік нөмірі бар үш көлік анықталды

334 рет
көрсетілді

Полицияның барлық саптық бөлімшелеріне "двойник" автокөліктерін ұстауға бағдар берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бейнебақылау камераларын өңдеу барысында 11 тамызда "егіздің бір сыңарын" ұстап алды. Келесі күні екінші сыңары да табылды.

Екі жүргізуші де автокөлікті заңды жолмен сатып алғанын айтып отыр. Келетін айыппұлдарды көлік иелері кезек-кезек төлеп жүргені де анықталды.

Ұсталған көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстанда бұл көліктің үшінші сыңары да жүр екен, ол Өскеменнен табылды. Оның иесінің сөзінше, оған да Е 658 ВН 138 нөмірлі "Тойота Естима" көлігіне айыппұлдар келіп жатыр. Өзі бірақ бұл көлікпен Нұр-Сұлтанға бармағанын айтады.