Шосседегі велоспорт бойынша 2020 жылғы әлем чемпионаты Швейцарияда өтпейтін болды. Бұл туралы әлем біріншілігінің ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды Egemen.kz.
Биылғы әлем чемпионаты Швейцарияның Эйгл-Мартини аумағында 20-27 қыркүйек күндері өтуі тиіс еді. Швейцария үкіметі коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін 1000 адамға дейн қатысатын додаларды елге өткізуге тыйым салған. Осыған орай, жылдың маңызды додасы Швейцарияда өткізілмейтін болды.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, әлем біріншілігіне 90 елден 1200 велошабандоз қатысады деп жоспарланған. Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2020 жылғы әлем біріншілігін қабылдайтын елді жақын арада хабарлайтынын айтты. Сондай-ақ жарысты өткізу құқығы Еуропа елдерінің біріне беріледі.