Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депуттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы» 2020 жылғы 11 маусымдағы № 351 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының 14 облысында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында болды деп танылғанын хабарлайды.
46 кандидат дауысқа түсті.
3069 таңдаушының 2889 немесе 94,1 пайызы дауыс беруге қатысты.
Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 15 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
- Ақмола облысынан Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 13 (5,5 пайыз), Бекенов Нұрлан Жексембайұлы үшін 213 (89,5 пайыз), Жаров Нұрлан Қайырұлы үшін 12 (5,0 пайыз) дауыс берілді;
- Ақтөбе облысынан Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан үшін 36 (20,1 пайыз) Қаниев Бауыржан Нұралыұлы үшін 143 (79,9 пайыз) дауыс берілді;
- Алматы облысынан Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 264 (92,6 пайыз), Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы үшін 21 (7,4 пайыз) дауыс берілді;
- Атырау облысынан Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 86 (82,7 пайыз), Сейілханов Сағын Темірханұлы үшін 7 (6,7 пайыз), Смағұлов Серік Мұраденұлы үшін 11 (10,6 пайыз) дауыс берілді;
- Батыс Қазақстан облысынан Аманғалиев Ақылбек Теміржанұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 30 (16,5 пайыз), Бекқалиев Ғалым Ибатоллаұлы үшін 24 (13,2 пайыз) Рысбекова Ләззәт Тұякбайқызы 128 (70,3 пайыз) үшін дауыс берілді;
- Жамбыл облысынан Борисюк Оксана Валериевна үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 14 (7,9 пайыз), Орынбеков Бекболат Серікбекұлы үшін 163 (92,1 пайыз) дауыс берілді;
- Қарағанды облысынан Ахмеев Игорь Валентинович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 17 (6,4 пайыз), Ершов Сергей Михайлович үшін 222 (83,1 пайыз), Ляпунов Андрей Васильевич үшін 28 (10,5 пайыз) дауыс берілді;
- Қостанай облысынан Карплюк Сергей Алексеевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 225 (87,2 пайыз), Коваль Павел Николаевич үшін 18 (7,0 пайыз), Коростылев Александр Юрьевич үшін 15 (5,8 пайыз) дауыс берілді;
- Қызылорда облысынан Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 102 (77,9 пайыз), Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы үшін 4 (3,1 пайыз), Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы үшін 25 (19,1 пайыз) дауыс берілді;
- Маңғыстау облысынан Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 87 (87,0 пайыз), Байжігіт Ербол Бердібайұлы үшін 13 (13,0 пайыз) дауыс берілді;
- Павлодар облысынан, Крук Олег Павлович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 17 (9,3 пайыз), Қайдарова Гүлнәр Шамарқызы үшін 16 (8,7 пайыз), Нұхұлы Алтынбек үшін 150 (82,0 пайыз) дауыс берілді;
- Солтүстік Қазақстан облысынан Могунова Данголе Антонасовна үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 23 (12,4 пайыз), Перепечина Ольга Валентиновна үшін 162 (87,6 пайыз) дауыс берілді;
- Түркістан облысынан Бектаев Әли Әбдікәрімұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 216 (91,5 пайыз), Көпеев Өрісбай Бұхарұлы үшін 20 (8,5 пайыз) дауыс берілді;
- Шығыс Қазақстан облысынан Булавкина Ольга Александровна үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 255 (93,1 пайыз), Жұмаділов Нұржан Сайлаубекұлы үшін 7 (2,6 пайыз), Панченко Игорь Иванович үшін 6 (2,2 пайыз), Старокожев Юрий Александрович үшін 6 (2,2 пайыз) дауыс берілді;
- Нұр-Сұлтан қаласынан Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 15 (75,0 пайыз), Оралов Мейрамбай Әскербайұлы үшін 3 (15,0 пайыз), Самамбетов Мәулен Естайұлы үшін 2 (10,0 пайыз) дауыс берілді;
- Алматы қаласынан Захаров Андрей Михайлович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 0 (0 пайыз), Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы үшін 30 (100 пайыз), Нұртаев Тимур Таймасұлы үшін 0 (0 пайыз) дауыс берілді;
- Шымкент қаласынан Аюбаева Толқын Полатбайқызы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 4 (16,0 пайыз), Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы үшін 18 (72,0 пайыз), Орманов Бектай Нұртайұлы үшін 3 (12,0 пайыз) дауыс берілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар:
Ақмола облысынан – Бекенов Нұрлан Жексембайұлы, 1961 жылы туған, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы, Көкшетау қ.;
Ақтөбе облысынан – Қаниев Бауыржан Нұралыұлы, 1958 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі, Ақтөбе облысының Шалқар қ.;
Алматы облысынан – Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, 1959 жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, Талдықорған қ.;
Атырау облысынан – Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, 1960 жылы туған, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, басқарушы директоры- басқарма мүшесі, Атырау қ.;
Батыс Қазақстан облысынан – Рысбекова Ләззәт Тұякбайқызы, 1976 жылы туған, «Орал гуманитарлық колледжі» жеке мекемесі, қаржы директоры, Орал қ.;
Жамбыл облысынан – Орынбеков Бекболат Серікбекұлы, 1957 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қ.;
Қарағанды облысынан – Ершов Сергей Михайлович, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қарағанды облысының Жезқазған қ.;
Қостанай облысынан – Карплюк Сергей Алексеевич, 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Қостанай қ.;
Қызылорда облысынан – Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, 1971 жылы туған, Nur Otan партиясының облыстық филиалы, төрағаның бірінші орынбасары, Қызылорда қ.;
Маңғыстау облысынан – Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы, 1963 жылы туған, «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ақтау қ.;
Павлодар облысынан – Нұхұлы Алтынбек, 1962 жылы туған, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ.;
Солтүстік Қазақстан облысынан – Перепечина Ольга Валентиновна, 1967 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Петропавл қ.;
Түркістан облысынан – Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, 1962 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Түркістан облысының Ленгер қ.;
Шығыс Қазақстан облысынан – Булавкина Ольга Александровна, 1972 жылы туған, «Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ, аудан әкімі, Өскемен қ.;
Нұр-Сұлтан қаласынан – Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, 1961 жылы туған, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, басқарма төрағасы, Нұр-Сұлтан қ.;
Алматы қаласынан – Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы, 1961 жылы туған, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Алматы қ.;
Шымкент қаласынан – Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы, 1975 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Шымкент қ.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы