Елімізге танымал журналист Бейсен Құранбектің нұрлы бейнесі Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
"Жетісу" телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы өзінің Facebook-тегі жазбасында: "Құдай қаласа "Жетісу" арнасының қапталындағы үйдің іргесінде Бейсен достың бейнесі жымиып тұратын болады!", деп жазды.
Қалың қазақтың жүрегінен ойып тұрып орын алған журналистің аяулы бейнесін Алматы облыстық Ішкі істер басқармасының септесуімен қабырға бетіне бейнеленіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 18 мамыр күні журналист Бейсен Құранбек қайтыс болып еді.