• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Тамыз, 2020

ХҚО-да аналарға құрмет көрсетілді

183 рет
көрсетілді

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының Алатау аудандық фронт-офисі соңғы екі айда 3,5 мыңға жуық өтініш қабылдаған.  Бұл туралы филиал директоры Данияр Қырықбаев өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету бойынша №1 Алатау аудандық бөлімі карантин кезінде клиенттерді дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.

Осы қиын кезеңде бөлім күніне 15-20-дан астам электрондық өтініштерді қабылдап, өңдеуде. Сондай-ақ, алдын ала жазылу (бронь) бойынша фронт-офисте  де азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Бөлім карантин кезіндегі соңғы екі айда 3,5 мыңға жуық өтініш қабылдапты.

Атап айтқанда, «Жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем» бойынша – 1000 өтініш, «Бала туғанда және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша – 1013 өтініш, «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» бойынша – 1150 өтініш қабылдаған.

Осы аптада бөлім қызметкерлері болашақ аналар мен Алатау ауданының кейбір ата-аналарын жаңа туған нәрестелердің дүниеге келуімен құттықтады. Туу туралы куәлік пен шарлар табыс етілді.

​Осылайша, қиын кезеңде өмірге сәби әкелген және болашақ аналарды қолдап, көңілдерін көтеріп, құрмет көрсетті.