• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Тамыз, 2020

Кореяның Ұлттық туризм ұйымы Қазақстанға 1000 қорғаныш костюмін берді

330 рет
көрсетілді

Кореяның Ұлттық туризм ұйымы COVID-19 індетімен күресте Қазақстанға көмек қолын созып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына құны 25 мың АҚШ долларынан асатын 1000 қорғаныш костюмін берді.

Өз кезегінде «Ұлттық сараптама орталығы»  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласында қызметті жүзеге асыруға жауапты.

Корея Республикасындағы Мәдениет, спорт және туризм министрлігіне қарасты Ұлттық туризм ұйымы Қазақстанға осылайша жаһандық індетпен күресуге өзіндік жәрдемін беріп отыр.

Осы арада KHIDI ақпараттарына сәйкес, Кореядағы медициналық туризмді таңдайтын елдердің ішінде Қазақстан 8-орында тұрғанны айта кету керек. Сондықтан да Корея елі COVID-19індетімен күресте Қазақстанға барынша қолдау көрсетіп, мемлекетаралық және медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты бекемдеуге ұмтылып отыр.

Қомақты гуманитарлық тапсыру рәсімі Корея Республикасының Бас Консулдығы ғимаратында өтіп, оған Корея Республикасының Бас Консулы Ким Хынг Су мен Кореяның Ұлттық туризм ұйымының Алматыдағы Өкілдігінің директоры Сонг Пхиль Санг, ал Қазақстан тарапынан – Ұлттық сараптама орталығының жетекшісі Алтай Аманбаев қатысты.

Гуманитарлық көмекті тапсыру барысында Корея Республикасының Бас Консулы Ким Хынг Су мырза жаһандық пандемия кесірінен қаншама адамдар құрбан болғанын және орасан материалдық шығын шегіп отырғанымызды атады. Ким Хынг Су мырза дәл осындай күрделі кезеңдерден өту үшін мемлекеттердің бір біріне деген қамқорлығы мен көмегі бұрынғыдан да көкейкесті сипатқа ие болып отырғандығын атады.

Ал Қазақстан мен Корея медицина саласындағы стратегиялық әріптестер болып табылады. Сол сияқты Корея пандемиямен тиімді күресте бүкіл әлемге үлгі бола білді. Сондықтан да бұл ел індетпен күресте бұдан әрі қарай да Қазақстанға қолдау көрсетіп, корей технологияларымен және тәжірибесімен бөлісуге ниетті екендігін білдіріп отыр.