• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Тамыз, 2020

Алматыда "Лексус" жүргізушісі жауапқа тартылды

358 рет
көрсетілді

Алматы полициясы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерді кеңінен бақылау тәжірибесін жалғастыруда. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Мотоциклистің тіркеушісіне "Лексус" көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, жолда өзін өте нашар ұстаған фактілері түсірілген. Егер жолда жаяу жүргінші немесе кішкентай балалар да жүруі мүмкін деп болжасақ, бұл қылмыс. Бақытымызға орай, ештеңе болмады. Біздің қызметкерлер қылмыскерді тез анықтады. Ол 1999 жылы туған А.есімді азамат. Оған қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі бойынша 2-хаттама, ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі бойынша 2 хаттама, ҚР ӘҚбК-нің 595 бабы 1 бөлігі бойынша 2 хаттама. Сонымен қатар, жүргізуші 1.5.2.,жол ережесін бұзып, велосипед жолында қозғалыс жасағанын ескерсек, оның заңсыз әрекеттері ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бақытымызға орай, бұл уақытта велосипедшілердің, самокатшылардың ешқайсысы велосипед жолымен жүрмеді", деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Манап Саттаров.