• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Тамыз, 2020

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілерге музейде онлайн экскурсия ұйымдастырылды

385 рет
көрсетілді

Аталған ерекше идеяның бастамашысы Ақтөбе облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті болды.

Онлайн тур қатысушыларға облыстық тарихи-өлкетану музейіне аралауға мүмкіндік берді.

Жыл басынан мемлекеттік қызметшілерге арналған бірқатар мәдени іс-шаралар елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты кейінге шегерілді.

Алайда ұйымдастырушылар оларды жаңа технологиялардың көмегімен онлайн форматта өтку туралы шешім қабылдады.

Есесіне, онлайн музейге тек мемлекеттік қызметшілер емес, олардың отбасы мүшелері, өңірдің басқа да тұрғындары көре алады.

Бұл туралы өзінің Фейсбук парақшасында Департамент басшысының орынбасары Рафхат Бисенов мәлімдеді.

Онлайн трансляция Департаменттің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында жүргізілді.

Экскурсия барысында музей қызметкері музейдің ашылу тарихы туралы әңгімелеп, экспонаттармен және жәдігерлермен, Қазақстан аумағын ежелгі дәуірден орта ғасырларға дейінгі кезеңде мекендеген тайпалардың тарихымен, экономикасымен, діни көзқарасымен, қолөнерімен және архитектурасымен таныстырды.

 «Бізге онлайн тур өткізу туралы ұсыныс түскенде, бұл бастаманы қолдадық. Пандемия жағдайында көптеген нысандар онлайн режимге көшті, соның ішінде біздің музей де келушілерге есігін жапты. Бірақ бүгін адамдар үйлерінен шықпай, бізге келуге және экспонаттармен танысуға мүмкіндік алды», деді музей басшысының м.а Арман Ержанов.

Онлайн турға барлығы 100ден астам азаматтар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шараларды дәстүрге айналдыру және жақын арада облыстағы басқа да мәдени және тарихи нысандарды аралау жоспарлануда.