• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Тамыз, 2020

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке іріктеу сарапшылардың қатысуымен өтуде

150 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімдерінің барынша ашықтығы мен объективтілігі заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген.

Жыл басынан бері облыс аумағында 1188 бос лауазымдарды иелену үшін конкурстар өткізілсе, оларға 911 кандидат қатысып, қорытындысына сәйкес 554 адам қызметке тағайындалды.

Кандидаттармен әңгімелесу процесіне байқаушылардың қатысқанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әрбір кәмелет жасқа толған азаматы байқаушы бола алады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруда. Бұған дейін сарапшылар конкурстық комиссиялардың тек тар шеңберде мамандандырылған лауазымдарға әңгімелесу өткізу жөніндегі отырыстарына қатыса алса, бүгінгі таңда олар барлық санаттардағы лауазымдарды иеленуге өткізілетін әңгімелесу түрлеріне шақырыла алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және ілгерілетубойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Сонымен қатар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарына түсіре алады.

Сарапшылардың конкурстық комиссиялардың отырыстарына қатысуы мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің сапасын арттыруға әсер ететіндігі сөзсіз.