• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2013

Дамуға жол ашады

340 рет
көрсетілді

Бұл күнде еліміздің барлық өңірлеріндегідей Қарағанды ай­мағының жұртшылығы арасында да «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде алға қойыл­ған міндет-мақсаттар кеңі­нен талқылануда. Облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңей­тілген мәжілісі соның бірінші шарасы болып, партия белсенділері басқосуымен өтті.

 

Бұл күнде еліміздің барлық өңірлеріндегідей Қарағанды ай­мағының жұртшылығы арасында да «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде алға қойыл­ған міндет-мақсаттар кеңі­нен талқылануда. Облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңей­тілген мәжілісі соның бірінші шарасы болып, партия белсенділері басқосуымен өтті.

Онда оның төрағасы Бауыр­жан Әбдішев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінің қорытындылары және облыстық ұйымның міндеттері» тақырыбында баяндама жасады. Аймақ басшысы өз сөзінде атап өткендей, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарышты қадамын сақтап келеді. Жыл ба­сынан өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 трлн. теңгені құрап, был­­тырғы жылдың сәйкес мер­зімі­мен салыстырғанда 1 пайыз­ға артуы, индустрияландыру кар­тасы аясында 46 жобаның іске қосылып, 3,5 мың жаңа жұмыс орнының ашылуы соған нақты мысал ретінде келтірілді. Бауыржан Түйтеұлы, сондай-ақ, орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктерді де ашып айтып, түйінді мәселелерді шешуге талап күшейтіле түспектігіне назар аудартты. Осы орайда облыстағы 516 бастауыш пар­тия ұйымына біріккен 100 мың­ға жуық нұротандықтың алға қойылған биік міндеттерді іс­ке асыруға, Елбасының партия­ мүшелеріне жүктеген жауап­кер­шіліктің жоғары үлгісін танытуға белсенділікті беріктіруге үндеді.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Литуаника» литван этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионас, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партия­сы депутаттық фракциясының жетекшісі Асқар Сәрсекенов, партия съезінің делегаты Бибігүл Секербекова, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, Жәйрем кен байыту комбинатының экономисі Максим Ентальцев сөз сөйлеп, партияның жаңа Доктринасы қоғамның дамуына тың серпін беретіндігін атады.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Соңғы жаңалықтар