• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2013

Венгриялық әріптесімен кездесті

272 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин біздің елімізге ресми сапармен келген Венгрия Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин біздің елімізге ресми сапармен келген Венгрия Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады. Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, Венгрия – Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі.

Қос мемлекет арасындағы сырт­қы сау­да айналымы 2012 жылы 258 млн. АҚШ долларын құ­раған. Қазіргі уақытта елімізде 49 қазақстандық-венгриялық бір­лескен кәсіпорыны жұмыс істейді.

Халықаралық саясаттағы өзекті мәселелерге келетін болсақ, кездесу иелері Қазақстан мен Венгрияны аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы ұқсас ұстанымдар біріктіретіндігі туралы ортақ пікірлерін жеткізді.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың ауқымды бастамаларының арқасында біз­дің мемлекетіміздің сыртқы сая­саттағы көкейкесті тақырыптар тал­қыланатын, беделді халықара­лық сұхбат алаңы ретінде таныл­ғандығын баса атап өтті.

Өз кезегінде Ласло Кёвер Қазақстан-Венгрия қарым-қатынас деңгейіне, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында біздің еліміздің жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді.

Парламентаралық әріптестікке де баса мән беріліп, тараптар Қазақстан мен Венгрия парламенттері арасында үздіксіз даму жолына түскен сындарлы сұхбат орнағанын тілге тиек етті. Мәжілісте Венгриямен ынтымақтастық жөнінде 9 депутаттан тұратын топ жұмыс істейді, ал Венгрия Парламентінде Қазақстанмен достық тобында 17 депутат бар.

Мәжіліс Төрағасы парламент­ара­лық байланыстар мен екіжақ­ты қатынастарды, әсіресе, біз­дің еліміздің әлеуметтік-эконо­ми­калық жаңғырту және саяси дамуының жаңа бағытының не­гізі болып табылатын «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Нұрлан Нығматулин мен Ласло Кёвердің атап өткеніндей, салалық комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасында заң шығармашылық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасудың, сондай-ақ, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында өзара қолдау көрсетудің мәні зор.

Мәжіліс Төрағасы мен Венгрия Мемлекеттік жиналысының спикері Қазақстан мен Венгрияның келешекте де өзара іс-қимылды, соның ішінде парламентаралық деңгейде табысты дамыту болашағының зор екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар