Садақ атудан халықаралық жарыстар тізбегі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұр. Алайда, Халықаралық садақ ату федерациясы рейтингілік турнирлерді жалғастыруды жөн көрген, - деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Коронавирус індетіне байланысты садақ атудан биылғы маусым толықтай тоқтатылды. Әлем кубогі кезеңдері мен құрлықтық чемпионаттар өткізілмейді.
Бірақ әлемдік ұйым спортшылардың біртіндеп жарыс алаңына оралуын ұйымдастыруды көздеген. Сол себепті, 2-4 қазан күндері Түркияның Анталья қаласында садақ атудан рейтингілік халықаралық турнир өтеді. Ұйымдастырушылар жарыс кезінде барлық қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға міндеттелген.
Жалпы алғанда, рейтингілік турнирлер шымылдығы 1 қыркүйекте түріледі.