3 қазан күні мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өтуі тиіс Japan Open турнирі белгісіз мерзімге шегерілді, - деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағының (ISU) ресми сайтында хабарланған.
Бұған дейін аталған ұйым жасөспірімдер арасындағы Гран-при турнирлерін өткізбейтінін мәлімдеген болатын.
Ал ересектер арасындағы Гран-при додасы ұлттық турнирлер форматында өтеді.