Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, демалыс күндері бірқатар нысанның жұмысына тыйым салынады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаулыға сәйкес, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына тыйым салу өзгеріссіз қала береді. Ал сауда-ойын-сауық орталықтары ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады. Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары жұмысы істемейді.
Сондай-ақ сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысы уақытша тоқтайды. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар жұмыс істемейді. Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысы, ашық ауада аттракциондардың жұмысы тоқтата тұру бойынша шектеу шараларын енгізу қамтамасыз етіледі.