• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Тамыз, 2020

Павлодар облысында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 2,4 есеге азайды

111 рет
көрсетілді

Соңғы 4 аптада індетті жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай азайған. Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Соңғы 4 аптада өңірімізде ауру жұқтыру 26,8 пайыздан 7,2 пайызға дейін азайды. Күнделікті коронавирус індетін жұқтырушылар саны 84-тен 35-ке дейін азайып, 2,4 есеге кеміді", - деді Батырбек Әлиев.

Павлодар облысының COVID-19 жұқтырудың жаңа 3663 жағдайы тіркелген. Оның 68,9 пайызы Павлодар қаласына тиесілі.