• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2013

23 жылдан соң!.. Ауылда мәдениет үйі ашылды

423 рет
көрсетілді

Арбиген ауылының халқы тоқырау жылдары құрылысы аяқталмай қалған мәдениет үйін апа-аталар, ағайын-туыс, көрші-қолаң, бала-шаға болып осы күнге дейін сақтап келді. Біреулер бұзып алып кетпесін деп ауылдың үлкен-кішісі бар күні-түні кәдімгідей күзетті. Сөйтіп жүргенде, «Ауыл жылдары бағдарламасы» да өтті. Облыстық «Ақ бұлақ» бағдарламасы тіпті Арбиген ауылы жаққа бұрылған да жоқ. Бұл жайында біз де газетімізде бірнеше рет жазып, сол кездегі әкімдерге құлаққағыс еткен болатынбыз.

Былтыр ауыл ақсақалы, ардагер ұстаз Қорған Ашатайұлы облыс әкімі Ерлан Арынға мәдениет үйінің жай-күйін айтып, өтінішін жеткізді. Атамыз кезінде Дінмұхамед Қонаевқа да ауыл халқы атынан өтініш жазып, Арбигенге қазақ мектебін салдырған еді. Облысқа да, ауданға да талай әкім келді, кетті. Қорған ақсақал олардың бәріне де арыз-өтініш жазудан жалықпады. Өзге әкімдер жүре тыңдаған ауылдың өтініші бұл жолы жерде қалмады. Е.Арын айтқан уәдесінде тұрды. Облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Құрылысы аяқталмай, ауыл ортасында бос тұрған мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарын облыс орталығындағы «Azia LTD – Павлодар» серіктестігі жүргізді. Ал қазір ауылда ауылдықтар өздері бір кірпішін де бұздырмай сақтап қалған әсем зәулім ғимарат пайда болды. Мәдениет үйінде кітапхана, медициналық бөлімше орналасты.

– Ойпырым-ай! Үміт үзбей талай жыл күттік-ау. Ел мен жердің бір шетін сақтап, ауылда ел отырғанын кейбір басшылардың ұмытып кететіні жанға батты. Ауыл – қазақтың бесігі. Мәдениет үйін тонатпай, күні-түні күзетіп жүргеніміз де сол, ауылды сақтап қалу. Мен Ерлан Арынға сендім. Ауыл ырза. Мәдениет үйі ашыл­ған күні өзі келіп, кітапханаға ақын-жа­зушылардың 200 кіта­бын сыйға тартты, – дейді Қ.Аша­тайұлы.

Ал ауыл жағдайы жақсы, мал жете­ді, дастарқаны мол. Се­рік­бай Дәуі­тов бас­қаратын «Аян» шаруа қожа­лы­ғы асыл тұқым­ды қара мал өсіре­ді. Ша­руа­шылық «Сыбаға» бағдар­ла­ма­сының көмегімен 8 миллион теңге несиеге сиыр сатып алыпты. Қазір 60 бас малы бар. Айтпақшы, ауылдағы дәрігерлік бөлімше бұрын дәрігер Қуаныш Қайырбаевтың үйінде болыпты. Ол Екібастұздың медициналық колледжін бітірген жас маман ретінде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша осы ауылға келіпті.

Бұл күндері аудан орта­лы­ғында тұрғындар Арбиген ауылындағы мәдениет үйі сияқ­ты талай жылдар бойы күтіп жүр­ген 300 оқушыға арналған қазақ мек­тебінің құрылысы жүргі­зілуде.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы,

Шарбақты ауданы.

Соңғы жаңалықтар