• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Тамыз, 2020

Дәрігерлік кеңес – қолыңызда

793 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, салалық бейінді дәрігерлерден кеңес ала алады. Бұл мүмкіндікті 1430 қызметі – сайт пен мобильді қосымшасын ұсынады. Азаматтар бет-жақ хирургі, рефлексотерапевт, трансфузиолог, ангиохирург, геронтолог, нефролог, генетик және т.б. мамандарды қоса алғанда, әртүрлі бейіндегі дәрігерлерге онлайн-қабылдауға жазыла алады. Бұл – медициналық мекемелерге барғанда, әсіресе карантин мен қолданыстағы шектеу шаралары кезінде кезекке тұрмаудың балама нұсқасы.

1430.kz сайтына қолдағы талдау нәтижелерін жүктей отырып, бейне және аудио байланыс режімінде кеңестер ала аласыз. Бұл үшін әуелі сайтқа есіміңізді, телефон нөміріңізді көрсете отырып, тіркеуден өту қажет. Содан соң оң жақ жоғарғы бұрышта тіркелген пациенттің аты шығады, соны басу керек. «Файлдар» қо­йындысына өтіп, оң жақта «Файлды жүктеуді» таңдаңыз, мұнда сіз талдама нәтижелерін қоса аласыз. Сондай-ақ дәрігерге жазылу үшін сайттың басты бетіне өту қажет, іздеу жолағына (сол жақта) дәрігердің аты-жөнін, консультация уақытын жазып, қабылдауға жазыла аласыз. Ал «Мәсе­ленің сипаттамасы» бөліміне сізді не мазалайтынын қысқаша жазуға болады. Одан кейін «Төлеу» бөлімін таңдайсыз.

Басты бетте дәрігерлердің аты-жөні, олардың профилі, жұмыс өтілі, сондай-ақ онлайн қабылдау уақыты көрсетілген «Дәрігерлер» бөлімі бар.

Сайттың басты бетіндегі тегтер бойынша қажетті маманды табуға болады. Мысалы, «тұқым қуалайтын аурулар» белгісін таңдағанда, генетик дәрігер туралы мәліметтер, тәжірибесі мен кеңес беру құны көрсетілген профилі ашылады.

Науқас қабылдауға жазылғаннан кейін дәрігер жазба туралы хабарлама алады, пациенттің талдамаларымен және оның медициналық картасы бар жазбамен алдын-ала танысып, зерттейді. Осыдан кейін, белгіленген уақытта дәрігер бейнекеңес жүргізеді. Қажет болған жағдайда ол күндізгі қабылдауға жаза алады.

Сондай-ақ 1430 нөмірі бар байланыс орталығы және 1430 мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Қо­сымшада сіз дәрігерге онлайн-қабылдауға жа­зыла аласыз, талдамалар мен медициналық қорытындыларды қоса жүктеп, кеңестерді бақы­лай аласыз. 1430.kz мобильді қосымшасы Android плат­формасында қолжетімді. Оны Play Market-те іздеу жолағына «1430.kz» деп енгізіп жүк­теуге болады. Айта кету керек, карантин кезінде тә­жірибелі дәрігерлер 1430.kz сайтында тегін бей­некеңестер берді. Қазіргі уақытта порталда Қазақ­с­танның бірқатар қалаларынан онлайн-қабылдаулар жүргізетін 826 білікті дәрігер тіркелген.