• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Тамыз, 2020

Жоспарлы медициналық көмек қайта жанданды

675 рет
көрсетілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жаңартылған уақыты/күні көрсетілген медициналық көмек көрсететін ұйымдардың тізбесі берілген. Тізбе үнемі жаңартылып отырады.

2020 жылдың 1 тамызынан бас­тап Нұр-Сұлтан қаласында жос­парлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. Бірінші кезекте, ауруханаға жатқызуды респуб­ликалық деңгейдегі маман­данды­рылған клиникалар, көп бейінді ауруханалар, қалалық ауруханалар (COVID-19-мен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыспайтын қалған стационарларды кезең-кезеңімен қоса отырып) жолға қоя бастады. Айта кету керек, оның ішінде жеке клиникалардың саны да жеткілікті.

«Коронавирусқа қарсы іс-шара­ларға қатыспайтын меди­циналық ұйымдар жұмысын қай­та бастауға мүмкіндік алды. Жоспарлы медици­налық көмек көр­сету бойынша құ­рыл­ған жос­пар эпидемиялық жағ­дайға байла­нысты өзгеріп отырады», деп атап өтті «Әлеуметтік меди­цина­лық сақ­тандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұл­тан қаласы бойынша филиалы ди­ректорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина.

Еске сала кетейік, карантиндік шектеулерге байланысты көптеген жоспарлы медициналық қызметтер уақытша тоқтатылған болатын. Ен­ді бұл сала қайта жанданған кезде жоспарлы медициналық көмекті алушылар саны айтарлықтай өсе­ді деп күтілуде. Қажетті сани­тар­лық-эпидемиялық шараларды жа­сағаннан кейін медициналық ұйым­дарға стационарларды ашуға рұқсат беріледі.