Осы уақытқа дейін Түркияда 230 969 адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреддин Кожа мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство басшысының сөзіне сенсек, Түркияда өткен тәулікте тағы 19 адам коронавирустан қайтыс болды, жалпы көз жұмғандар саны 5974-ке жетті.
Тағы 1192 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетіп, елде жалпы вирус жұқтырғандар саны 249 309-ды құрап отыр.