Францияда "Критериум дю Дофине" веложарысы аяқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
"Астана Про Тим" командасының көшбасшысы Мигель Анхель Лопес көпкүндігін 5-ші орынмен аяқтады. Францияның Межев аймағында өткен веложарыс 5-ші кезең болып табылады.
Жарыс нәтижесі бойынша, колумбиялық Даниэль Фелипе Мартинес жеңімпаз атанды. Тибо Пино (+0.29) екінші орынды иеленсе, Гийом Мартан (+0.41) үздік үштікті қорытындылады. Мигель Анхель Лопес бесінші болды (+1.38).