• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Тамыз, 2020

Қазақстанда коронавирустың таралуы күннен күнге төмендеп келеді

1356 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елдегі коронавирустың таралуы күннен күнге төмендеп келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мемлекеттік деңгейде қабылданған шаралардың нақты нәтижесі туралы айтатын болсақ, КВИ-дың таралуы күннен күнге төмендеп келеді. Сәйкесінше, медициналық мекемелердің жүктемесі азайып жатыр. Салыстырмалы түрде, 2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша, елімізде провизорлық емдеу орындарында, стационарларда 57 798 төсек-орын (57%) болды. Қазір ауруханаларда жатын орындар саны - 37 мың, жүктеме 29%-ға дейін азайған. Қуаныштысы, кейбір өңірлерде науқастар түгел жазылып шығып, ауруханалар бос тұрған жағдайлар бар. Мәселен Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы инфекциялық бөлім қазір бос тұр. Аталған ауданда КВИ-мен ауыратын науқастар жоқ", - деді Бағдат Қожахметов.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.