• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Тамыз, 2020

KustoHelp қоры COVID-19-бен күресте қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден көмек береді

240 рет
көрсетілді

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған қазақстандық медицина қызметкерлерінің саны  – 174 адам. Оның ішінде: 98 дәрігер, 40 орта буын медицина қызметкері, 14 санитар, 8 арнайы көлік жүргізушісі, фельдшерлер, зертханашылар және басқа да мамандар. Олар коронавируспен күресте қаза тапқан еліміздің батырлары. Мұндай азамттардың ерлігі еленуге тиіс. Осы ретте #KustoHelp қайырымдылық қоры қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек беруге шешім қабылдады. 

Қор қызметкерлері қайтыс болғандардың туыстарымен байланысып, көмек қабылдауға келіскен 141 отбасын анықтады. 2020 жылғы 10-14 тамыз аралығында #KustoHelp қайырымдылық қоры медицина қызметкерлерінің әрбір отбасына 1 млн теңгеден аударды. Қамтылмаған отбасылар бойынша жұмыс жалғасуда. Өйткені, байланыс деректері нақты анықталмаған немесе туыстары байланысқа шықпаған отбасылар бар.

#KustoHelp қайырымдылық жобасын Kusto Group халықаралық компаниясы құрған және Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус пандемиясы себебінен жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халықтың неғұрлым зардап шеккен және осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған. Карантин кезеңінде көмектің жалпы көлемі 1 057 654 502 теңгені құрады. 

Төменде халыққа және дәрігерлерге көрсетілген көмектің негізгі бағыттары көрсетілген.

Бүкіл Қазақстан бойынша 12 000-нан астам отбасына "Я Алматинец", "Клуб Добряков" және т. б. волонтерлік ұйымдардың қолдауымен жалпы сомасы 153 млн. теңгеге азық-түлік жиынтығы берілді. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі үшін 1 шағын автобус және Қостанай мен Жамбыл облыстарының аудандық ауруханалары үшін 2 реанимобиль сатып алынды. Бүкіл Қазақстан бойынша 100-ге жуық медициналық мекемелерге жалпы сомасы 294.3 млн.теңгеге жеке қорғану құралдары, дәрі-дәрмектер және жабдықтар түрінде көмек көрсетілді. 150 кіші медицина қызметкеріне жалпы сомасы 17 млн. теңгеге атаулы материалдық көмек көрсетілді. Қазақстанның 50-ден астам ауруханасының дәрігерлері мен пациенттерін тамақтандыру үшін 176 млн.теңге сомасына KazBeef 80 тонна ет өнімі жеткізіледі. 2020 жылғы 15 тамызда Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қолдауымен дәрі-дәрмектер – 55 000 Левофлоксацин қаптамасы және 28 330 Меропенем құтысы Қазақстанның облыстық және қалалық ауруханаларына таратылуы үшін «СК Фармацияға» берілді. Көмектің жалпы сомасы 86.7 млн теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жасаған тізімдер бойынша коронавирус салдарынан қайтыс болған 141 медицина қызметкерлерінің отбасына материалдық көмек көрсетілді. Тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда, #KustoHelp көпбалалы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға және салуға көмек көрсетуде. Тұрғын үй бағдарламасының жалпы сомасы 90.4 млн. теңгені құрайды. Семей, Шымкент, Жамбыл және Қызылорда облыстарының оқушыларына 19 млн. теңге сомасына 410 планшет берілді.