• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2020

Алматыда күніне бір дәрігер 30 онлайн-кеңес береді

231 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыдағы №5 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Лаура Малдыбаева қаланың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте карантин кезінде қала тұрғындарының медициналық қызметтерді қалай алатындығы туралы баяндады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі және медициналық мекемелер аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, қалалық емханаларда онлайн-кеңестер ұйымдастырылды. Кеңес алу барысында пациенттер емделуге тағайындаулар алып, анализ тапсыруға және жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама алды.

"Онлайн кеңес жақсы нәтиже берді. Науқастардың шағымдарын, жан-жақты берілген мәліметтерін тыңдау арқылы антибиотикотерапия қажет пе, жоқ па, соны анықтауға болады", - деді Лаура Малдыбаева.

Онлайн кеңес дәрігерлерге науқастарды қадағалауға, уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Онлайн-кеңестер маусым айынан бері өткізіліп келеді. №5 қалалық емхананың 3 мыңнан астам пациенті, оларды қызықтыратын мәселелер бойынша онлайн кеңес алды.

"Күніне бір дәрігер 30 онлайн-кеңес береді. Кеңестер түрлі бағыт бойынша жүргізіледі. Көбінесе пневмония, ентігу, кеуде аймағындағы ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы мәселелері бойынша кеңес беріледі. Көбіне терапевтік бағыт бойынша кеңестер беріледі", - деді Лаура Малдыбаева.