• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2020

Алматыда жұмысына кіріскен ШОБ-тарда санитарлық-эпидемиялық талаптар тексеріледі

133 рет
көрсетілді

Мегаполисте індеттің таралуын тоқтату мақсатында кәсіпорындардың аумағында мониторингтік топтар санитарлық талаптардың сақталуы жөнінен бақылау жүргізілетіні белгілі.

Мәселен, осыған дейін Grand Park сауда орталығының аумағында кезек пайда болды деген ақпарат түскен болатын. Осыған байланысты мониторингтік топ жедел түрде сауда орталығына келушілермен әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай бақылауға алынған. Адамдардың қолайлылығы үшін СОСО басшылығымен күннен қорғайтын шатырлар ұйымдастырылып, ішетін су берілді.

«Бүгін сағат 12:00-ден бастап Grand Park сауда ойын-сауық орталығына келушілер көбейіп, үлкен кезек туындады. Оның себебі бір бутикте 4 шаршы метр аумақта бір адамнан артық адам болмауы керек деген санитарлық талапты орындау болды. Бұл СОСО-ғы аудиттен өтті және барлық санитарлық талаптарға сай келеді» - деп айтып өтті Әуезов ауданының кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Қуаныш Құрманғалиев.