• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Тамыз, 2020

Алматы зиялылары халықты босаңсымауға шақырды

264 рет
көрсетілді

Жазушы және кинодраматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай алматылықтарды енгізілген жеңілдетулерге қарамастан, санитарлық талаптарды сақтауды жалғастыруға және жақын жандарға қамқор болуға шақырды.

«Алматы қаласы, бүкіл Қазақстан бойынша да жалпы он шақты күннен бері күніне шамамен індеттің жұғуы кеміп келе жатыр. Бұл жағдай еңсемізді көтеріп, үмітімізге үміт жалғап келе отыр. Індеттің таралуы құрықталып келе жатыр деген сөз ғой бұл. Осы бағытта Үкімет, әкімдіктер, дәрігерлер үлкен жұмыс атқарды, ақпарат құралдары арқылы насихат жүргізілді. Індетті біржолға құрықтауға аз уақыт қалды деп ойлаймын. Сондықтан алматылықтарды осы індетті біржолға жеңуге азғантай уақыт қалғанда босаңсымауға шақырамын. Ең бастысы - босаңсымау керек!» - деген Смағұл Елубай өзге де сақтық шараларын ұстану керектігін, көпшілік жиналатын орындарға бармау керектігін айтты. Бұл шаралар жақын адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.