Облыс әкімі Қанат Бозымбаев Тараз қаласындағы Жастар орталығына барып, студенттерге дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері мен оларды шешу бағыттары болды.
Облыс әкімі Қанат Бозымбаев Тараз қаласындағы Жастар орталығына барып, студенттерге дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері мен оларды шешу бағыттары болды.
Әкімнің айтуынша, өңірдегі экономикалық дамуды жүзеге асыру үшін облысты өркендетудің 2011-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы үлкен септігін тигізген. Облыстың осы басты құжатында аймақтың экономикалық және әлеуметтік салаларын дамыту ерекше назарға алынған. Атап айтсақ, бағдарламада өңір дамуының негізгі бағыттары – химия өндірісі, ауыл шаруашылығы секторы, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіпті өркендетуге айрықша басымдықтар беріліпті.
Жастарға дәріс оқу барысында облыс әкімі мамандық таңдауда қателеспеу керектігін баса айтты. Бұл жерде жастардың бірінші кезекте әлемдік тренд, республиканың және аймақтың сұранысына мән беруі атап өтілді. Әкімнің айтуынша, болашақта аймаққа ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жеңіл және өңдеу өнеркәсібі, химия және құрылыс кластеріне мамандар өте көп қажет болады.
Жалпы, облыста 5 жоғары оқу орны жұмыс істеп тұрса, оларда 30 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі кезде облыс тұрғындарының саны шамамен 1 070,2 мың адам болса, оның 27,5 пайызын жастар құрайды.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.