Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, елшілік қызметті Аргентина Республикасы мен Чили Республикасында қоса атқарушы Бақытжан Ордабаев Аргентина Республикасының Вице-президенті – Сенат төрағасы Амадо Будуға Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сенім грамотасын тапсыру салтанаты Аргентина Президентінің сарайында өтті. Грамота тапсыру рәсімінен кейін өте жылы, достастық рухта өткен кездесуде Б.Ордабаев Вице-президент А.Будуды Қазақстанның бүгінгі таңда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалы, мемлекетті одан әрі дамытуға бағытталған іс-шаралар жөнінде хабардар етті. Қазақстандық дипломат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзатты ядролық қарудан азат ету және таратпау бойынша бастамаларын бүгінде халықаралық қоғамдастықтың жаһандық деңгейде танып отырғандығына назар аударды.
Сонымен қатар, Қазақстан-Аргентина серіктестігін дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылым, энергетика және басқа салалардағы өзара әрекеттестікті ілгерілету, Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдары БҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдау, сондай-ақ 2014 жылғы 21-23 мамырда өтетін Астана экономикалық форумына Аргентина іскер топтарының қатысуы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Аргентина павильонын салу сияқты мәселелер талқыланды.
А.Буду елшіні Сенім грамотасын тапсыруымен құттықтай отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына зор табыс тіледі.