• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2020

Түркістан облысында үш айда 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

88 рет
көрсетілді

Мамыр айынан бастап Түркістан облысында 460 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жұмыспен қамту орталығы екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға көмектесуге дайын. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде қолға алынған жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде 10 313 адам еңбекпен қамтылды. Ең төменгі жалақы - 85 мың теңге. Ең көп жұмыс орындары – құрылыс саласында.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттыру.

Жыл соңына дейін Түркістан қаласының өзінде 48 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асады. Олардың басым бөлігі қалаға ауыз су, газ, электр жүйелерін тартуға бағытталған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан, қалаларда орналасқан 100-ге жуық мектепте санитарлық тораптар ретке келтіріледі. 100 шақырымдай жол жөнделіп, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің ғимараттарында пандустар орнатылады.

Карантин кезінде жұмыс берушілер тарапынан қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптар сақталынып, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында 24 925 уақытша жұмыс орындары мен 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланған.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.