• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2013

Кәсіпкердің көмегі

370 рет
көрсетілді

«Алтынай» шаруа қожалығының жетекшісі Алихан Ақманбетовтің есімі батысқазақстандықтарға жақсы таныс. Төрт түлік мал өсіріп ауыл­ды көл-көсір табысқа кенелткен ол Қаратөбе ауданындағы Қалдығайты ауылының әлеуметтік дамуына да өз үлесін қосуда.

 

«Алтынай» шаруа қожалығының жетекшісі Алихан Ақманбетовтің есімі батысқазақстандықтарға жақсы таныс. Төрт түлік мал өсіріп ауыл­ды көл-көсір табысқа кенелткен ол Қаратөбе ауданындағы Қалдығайты ауылының әлеуметтік дамуына да өз үлесін қосуда. Сөйтіп, іскер жігіт, жақында 250 адамға арналған жаңа тойхана салып, іске қосты. Өзінің айтуынша, ол тойхананың ішкі жабдықтарын сатып алуға 4 милион 400 мың теңге қаржы жұмсапты. Қазір мұнда 4 адам тұрақты жұмыс істеуде.

Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы,

Қалдығайты ауылы.

––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген автор.

Соңғы жаңалықтар