• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 19 Тамыз, 2020

Президент тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды

342 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп, тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеу керектігін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі,  әділдіктің бар екеніне сенбейді. Пандемиямен жалпы ұлттық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек? Мысалы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды блок бекеттен өткізу үшін үнемі пара алып отырған. Мұндай деректер бірнеше өңірде байқалды. Тіпті, барлық жерде осылай болған шығар деп ойлаймын. Азаматтарымыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келіп отырған кезде сіз бен біздің істеп жатқан жұмысымыздың еш тиімділігі болмайды. Ешқандай халықаралық рейтингтің де керегі болмай қалатыны түсінікті", - деді Президент.

Сондай-ақ ол түрлі тарту-таралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу сынды әрекеттер келмеске кетуі керектігін айтты.

"Бұл үшін қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп, тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.