• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 19 Тамыз, 2020

"Сергек" кейбір полицейлерді жемқорлық табысынан айырды - Президент

243 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде өткізген кеңесте жоғары технологиялардың еліміз үшін маңызын айқындап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, дерекқорды әрі қарай интеграциялау мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

"Бізде бір мекеменің шағымыына жауап ретінде басқа мемлекеттік органның анықтамасын алып жүру тәжірибесі әлі сақталған. Мұндай анахронизмді цифрландыру арқылы жою керек", деді Президент. 

Ашық бюджеттердің интерактивті картасы халыққа 2019-2020 жылдары 7 трлн теңгеден астам бюджеттік қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз еткенін ескерген Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа технологияның мемлекетке пайдасы туралы да атап өтті. 

- "Сергек" заң бұзушылықтарды жою тұрғысынан алдыңғы қатарлы технология екенін айты мемлекетке қандай пайда әкелетінін көрсетті. Сонымен бірге ол кейбір жемқор жол полициясы қызметкерлерінің жемқорлық табыстарынан айырды, дед Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық мемлекеттік органдар, ең алдымен әкімдіктер бұл тәжірибені қабылдауы керектігін, мұндай сандық шешімдер адами факторды жоятынын және сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды болдырмайтынын мәлімдеді.