• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2020

52 мыңнан астам адам төлем алды

138 рет
көрсетілді

2020 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдерді 52,3 мың адам алды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұ­мыстан босатылған қызмет­керге Egov.kz порталында авторизациялану; «Жұмысқа орналас­тыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды  тіркеу» қызметін таңдау; онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет. Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұ­мыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады. Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің ақпа­раттық жүйесі проактивті фор­матта МӘСҚ-тан төлемді тағайын­дау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібе­реді. Келіскен жағдайда SMS-ха­барламаға жа­уа­п беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Еске сала кетейік, МӘСҚ қа­ражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.