Жуырда бейнеконференция режімінде Қазақстанның Cауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың және Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрінің орынбасары Т.Качканың тең төрағалық етуімен, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қатысуымен Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобының 2-отырысы өтті.
Отырыста тараптар алғашқы операциялық тұжырымдардың орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады, сондай-ақ іске асырылуы өзара сауда көлемінің ұлғаюына оң әсер етуі тиіс негізгі іс-шаралар көрініс тапқан 2-отырыстың операциялық қорытындылары талқыланды және келісілді.
Бұдан басқа тараптар covid-19 пандемиясының тауарлардың екі жақты саудасына әсері және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырудың ықтимал жолдары мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды, сондай-ақ өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалана отырып, жүктерді транзиттік тасымалдауды дамыту және екі жақты саудада сауданы қорғау құралдарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы өзара сауда көлемі 7,4%-ға төмендеп, 1,3 млрд долларды құрады.
2020 жылдың алты айында Қазақстан мен Украина арасындағы өзара сауда 398 млн долларды құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 36,7%-ға төмен (629,1 млн доллар). Бұл ретте, Қазақстаннан Украинаға экспорт көлемі 51,2%-ға төмендеп, 225,3 млн долларды құрады және Украинадан импорттың 3,3%-ға (172,7 млн доллар) өскені байқала- ды.
Бүгінде Қазақстан өңделген тауарларды Украина нарығына жеткізуді арттыруы мүмкін, бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау салалары өнімдерінің 70-ке жуық түрі, сондай-ақ жалпы сомасы 349,5 млн доллар болатын құрылыс материалдары. Аталған тізім Украина тарапына дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі.