• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2020

Жасырынбақ болған есірткі диллерлері қолға түсті

307 рет
көрсетілді

Полицейлер жасырынбақ болған есірткі диллерлерін қолға түсірді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы және ІІМ-нің арнайы бөліністері Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде, Қызылорда қаласынан 320 км қашықтықта қарасораны қолдан өсіру плантациясы алқабын, суару үшін бассейн мен агроқұралдарды сақтау мен сол жерде тұруға арналған жер асты үңгірлерін анықтады. Алқапқа жақын ұшып бару кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған екі "Тойота Ланд Крузер" жол талғамайтын көліктерін байқады. Олар көлікте жоғары жылдамдықпен басқарып жасырынбақшы болды. Полиция қызметкерлерінің тоқтату талаптарын тыңдамады.

Автокөліктің соңына түскен қызметкерлер оларды тоқтату үшін ескерту оғын атты және бірнеше рет көліктің дөңгелектеріне оқ атылды. Дөңгелектеріне зақым келген соң ғана екі көлік қозғалысын тоқтатты.

Полиция қызметкерлері үш жергілікті тұрғынды ұстады. Оларды ұстау кезінде біреуі жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді және медициналық мекемеге жеткізілді. Оның өміріне қазіргі уақытта еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Аталған жерде Қызылорда облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

1 маусымнан бастап 30 қазанға дейін жыл сайынғы республикалық "Қарасора" арнайы операциясы өткізіліп жатқанын естеріңізге саламыз, осы операцияның шеңберінде ішкі істер органдары құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз өсірілген алқаптарын анықтау үшін тікұшақты пайдаланып, жоғары жылдамдықтағы автокөліктері бар мобильдік топтарды жұмылдыруда. Операция басталғалы барлығы 430 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 178 факт – құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, 153 өткізу фактісін, 83 сақтау фактісін және есірткі контрабандасының бес фактісін анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы тоғыз тонна есірткі алынды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.