Талғар ауданының полицейлері шілде айының соңында ата-анасының рұқсатынсыз белгісіз бағытқа шығып кеткен жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Тексеру барысында жеткіншектің анасы ұлының үйге қайтып келетіне сенген және өз бетімен іздеп табуға тырысқан. Анасының өтініші бойынша жедел іздестіру тобы 16 жастағы жасөпірімнің бір айға жуық досының үйінде болғанын анықтады.
– Жоғалған бала осы уақытқа дейін досының үйінде болған. Жасөспірім бұған дейін де үйінен кетіп жүрген. Ол біздің арнайы есепте тұр. Қатесін мойындап, түзелмегеніне байланысты оны тағы да есепке қойып, бақылауға алу мәселесін көтеріп отырмыз. Жасөспіріммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – дейді Талғар АПБ бастығы Ерлан Қасым.
Талғар АПБ аталған жайттан кейін ата-аналардың балаларын өз бетінше іздемей, дереу полиция өкілдеріне хабарласқанын жөн санайды.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.