• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Тамыз, 2020

Германия 4 күндік жұмысқа көшуі мүмкін

237 рет
көрсетілді

Германияның Роберт Кох атындағы институтының 20 тамыздағы дерегінен аңдағандай тәулік ішінде 1707 адамнан SARS-CoV-2 табылғаны тіркелген көрінеді, деп хабардайды Egemen.kz

Италия, Испания елдері тәрізді Германия да вирустан аз зардап шегіп отырған жоқ. 228,6 мың адам COVID-19 жұқтырып, 9253 пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

"Елдің қайткенде әлеуетін әлсіретпейміз деген билік түрлі қадамдар жасауда. Соның бірі – төрт күндік жұмыс кестесіне көшу. Жұмысшыларға ішінара уақыт қысқаруына байланысты өтемақы төлеумен пандемияның экономикаға кері әсерін азайтуға болады", дейді елдің Еңбек министрі Хубертус Хайль.

Негізінде бұл ойды билік назарына ұсынған Өндіріс кәсіподақтары IG Metall  көшбасшысы Йорг Хофман екенін айта кеткен жөн дейді REGNUM.