• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2020

Праймеризге 4 күнде 400-ден аса солтүстікқазақстандық қатысуға ниет білдірді

158 рет
көрсетілді

Бүгін Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова журналистерге берген брифингінде осылай деп хабарлады,  деп жазады Egemen.kz

"Барлық өтініш білдірген 405 адамның 173 әйелдер, соның ішінде 7 көпбалалы аналар", деді ол. "Кандидаттардың жастарына келетін болсақ, 35-тен 50 жасқа дейінгі кандидаттардың үлесі – 46 пайыз, ал 35-ке дейінгілер-24 пайыз. Қызмет ету салаларын алатын болсақ, 49 пайыздық ең үлкен үлесті білім саласының қызметкерлері алып отыр. Одан кейінгі орында ШОБ өкілдері. Олар 12 пайыздық үлесті иеленген. Сонымен бірге ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласының өкілдері де бар", деді өзінің сөзінде Әсем Рахметова.  

Еске сала кететін болсақ, праймеризге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстары 7 қыркүйектен басталып, 3 қазанда аяқталады. Оны кандидаттардың өздерінің жеке қаржыларының есебінен жүргізеді. Шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтарының қаржыландыруына тиым салынған. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың қаржыландыруына да болмайды.

Әсем Рахметова өзінің сөзінде кандидаттардың дебаттарға қатысып, өздерінің бағдарламасын айтуы міндеттелетінін ескертті.

"Оларға кез келген қатысушы сұрақтар қоя алады. Дебаттың ұзақтығы 90 минөттен аспайды. Қалалық және аудандық мәслихаттарға қатысушылар кем дегенде бір дебатқа, облыстық мәслихатқа өтуден үміткерлер екі дебатқа және Мәжіліс депутаты болуды қалайтындар үш дебатқа қатысуы керек", деді Ә.Рахметова.

Үміткерлерге дауыс беру қазан айының 1 мен 3 аралығында өтеді.