• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Тамыз, 2020

Контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы өтеді

552 рет
көрсетілді

KTZ Express ұлттық мультимодальдық операторы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына тиесілі терминалды қолдана отырып, жүктерді тиеу мен өңдеуден бастап, меншігіндегі контейнерлерін ұсынуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын Қытай-Өзбекстан бағытындағы пойыз жөнелтілімін ұйымдастырды.

KTZ Express АҚ 50 қырық­футтық контейнері биыл 7 тамызда Иу Си стан­са­сынан (ҚХР) жөнелтілді. Әрі қарай халық тұтынатын тауар­лар тиел­ген жүк пойыз Алашань­коу шекара бекеті арқылы Достық (ҚР) стансасы, Сарыағаш – Келес (Ресей) және Сер­гели (Ре­сей) торабымен жүріп өтті. Пойыз Қытайдан Ташкентке де­йін­­гі қашықтықты транзитпен Қазақ­­стан арқылы 9 күн ішінде меже­лейді.

– KTZ Express өз алдына логис­тикалық қызметтердің толық спек­трін ұсынуды міндет етіп қояды және де толықтай компания меншігіндегі контейнерлер­ден құралған Иу – Ташкент бағы­тындағы пойыз мұның айқын дәлелі. Агенттік желі мен шетел­дер­дегі өкілдіктерді дамыту халық­аралық бағыттағы контей­нерлік пойыздарды ұйымдастыру мен жіберудің бай тәжірибесін жинақ­тауға мүмкіндік берді. Бүгін­гі таңда қытайлық серіктес­те­рімізге ыңғайлы болу үшін KTZ Epress қызметтері мен контей­нерлік жабдықтары Қытайдың бар­лық ірі провинцияларында ұсы­нылған, – дейді «KTZ Express» АҚ басшысы Дмитрий Абдуллаев.