• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Тамыз, 2020

Талдыкөл құрғатыла ма?

242 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Кіші Талдыкөл көлін құрғату жұмыстарына сарапшылар мен ғалымдар тартылатын болды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

«Кіші Талдыкөл мәселесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен сөйлестім. Біздің министрліктің пайымынша, көлді құрғату жұмыстары экожүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін», деп жазды Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter парақшасында.

Министр алдағы уақытта ғалымдар мен эколог сарапшыларды тарта отырып, қала басшылығымен бірлесе осы мәселені толық зерттеуге келіскенін, енді кез келген шешім жоғарыда аталған мамандардың қорытындысына сай шығарылатынын жеткізді.