• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2013

Алматыдағы колледж уақытша жабылды

230 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасы «Эмили» медициналық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша бірқатар кемшіліктер анықталып, білім мекемесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Белгілі болғандай, мұнда білім беру, лицензиялау, өрт қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау заңнамасы бұзылған. Осыған байланысты «Эмили» колледжінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Аталған кемшіліктер жойылғанға дейін медициналық колледждің қызметі тоқтатылды.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар