• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Тамыз, 2020

Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім қайтыс болды

543 рет
көрсетілді

Алматы облысында смартфон камерасымен селфи түсірмекші болған екі  жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"20 тамыз күні сағат 19:19 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылында балық зауытының маңында бөлек тұрған ғимаратта 2004 және 2005 жылы туған екі жасөспірім суретке түсу кезінде қаза тапты. 2004 жылы туған үшінші адам оң аяғы сынып, Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құтқару жұмысын жүргізуге Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінен 7 құтқарушы мен 3 техника және басқа мекемелерден 7 қызметкер мен 3 техника тартылған. Құтқарушылар оқиға орнына келген бойда жасөспірімдерді 1991 жылдан бері жұмыс істемей тұрған 2 қабатты ғимараттың ішінде бетон плита басып қалғанын анықтаған.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.