• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Тамыз, 2020

2025 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп импортын 20%-ға қысқарту жоспарланған

588 рет
көрсетілді

Жергілікті қамту бойынша мониторинг шеңберінде барлық мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 8,6 трлн теңгені құрады, жергілікті қамту үлесі 4,3 трлн теңге (49,9 %). Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда Министрлік мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту мақсатында арнайы жұмыс тобын құрды. Осылайша жергілікті атқарушы органдар мен "Самұрық-Қазына" АҚ ұсынған сатып алулар бойынша есептерге ай сайын талдау жүргізіледі. Бұл талдау мынадай салаларды қамтиды: жеңіл, химия және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары мен жиһаз өндірісі.

Сонымен қатар  импортты алмастыру бағытында өңдеуші өнеркәсіп нарығына талдау жүргізілді. Қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіптің әлеуеті 35 млрд. АҚШ долларын құрайды. Салалар бойынша импорт көрсеткіші:

машина жасау-16,7 млрд АҚШ доллары,

металлургия - 3 млрд АҚШ доллары,

химия өнеркәсібі - 2,8 млрд АҚШ доллары,

жеңіл өнеркәсіп-1,7 млрд АҚШ доллары,

фармацевтика өнеркәсібінде-1,1 млрд АҚШ доллары.

Аталған салалардағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту мақсатында 2020-2025 жылдарға басымдық берілетін инвестициялық жобалардың тізімі жасалды. Осыған байланысты, 73 жобаны іске асыру есебінен 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің импортын 20% - ға қысқарту жоспарланған (6 млрд. АҚШ долларына).

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі шеңберінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін отандық тауар өндірушілердің тізбесі бекітілді.

Тізбе қолданыстағы CT-KZ сертификаттары және индустриялық сертификаттар негізінде қалыптастырылады. Бұл ретте тізбе "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп күнделікті негізде өзектендіріледі.

"Атамекен" ҰКП ұсынған ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 13 тамызындағы жағдай бойынша 2920 компанияның 10077 тауар позициясы бойынша расталған сертификаттары (CT-KZ және индустриялық сертификат) бар.

Айта кету керек, 2019 жылдың қорытындысы бойынша реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамту Қазақстан Республикасы ДСҰ-на кірген сәттен бастап оң серпінге ие. Мәселен, өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда жергілікті қамту үлесі тауарлар бойынша ақшалай мәнде 0,4% - ға 519,8 млрд теңгеге ұлғайды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.