• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 21 Тамыз, 2020

Шымкентте жаңа оқу жылында мыңға жуық кезекші сынып ашылады

365 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова пандемия жағдайында Шымкент мектептерін жаңа оқу жылының басталуына дайындау мәселелерін талқылады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазіргі таңда білім берумен 222 мыңнан астам оқушыны қамту қажет. Әкімдік сенаторларға мектептер "Bilim Iand" платформасы арқылы қашықтан оқытуға толық дайын екенін хабарлады. Оператор серверлерді орнатуды жүзеге асыратын болады. Қалалық білім басқармасы басшысының айтуынша, Үкімет қаражаты есебінен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларының  онлайн-сабақ оқуына жағдай жасау үшін жаңа оқу жылында 36 мың компьютер сатып алынады.

Сонымен қатар, 14 940 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналарының келісімімен қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, 996 кезекші сынып ашылады. Сондай-ақ, депутаттар мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшкенге дейін үш ауысымды білім беру мәселесін шешу қажеттігін еске салды. Шымкент қаласында орналасқан 19 мектепте сабақ әлі де үш ауысымда жүргізілуде. Сенат депутаттары жергілік органдар аталған мәселенің шешілуін тұрақты бақылауға алуы қажет екенін айтты.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.