Алматы қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырған соңғы науқас әскери госпитальдан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Госпитальдан 59 жастағы Галина Жукава есімді азаматша айығып шықты. Жалпы, денсаулық сақтау мекемесінде 800-ге жуық адам ем-дом қабылдады. Оның ішінде әскери қызметкерлер де бар. Сыртқаттанған науқастардың көбі пневмония мен коронавирустың ауыр түрімен ауырған.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.