• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Тамыз, 2020

Асхат Аймағамбетов отандық COVID-19 вакцинасы туралы айтты

319 рет
көрсетілді

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отандық COVID-19 вакцинасы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Оның айтуынша, ғалымдардың зерттеулері мемлекеттің тұрақты дамуының ресурсы ғана емес, сонымен бірге адамзаттың қауіпсіздігі мен өмір сүру мәселесі болып табылатынын нақтылай кетті.

"Біздің ғалымдар өздерінің өміршеңдігін көрсетті. Әріптестеріміздің вакцинаны әзірлеудегі жұмысын мақтан тұтамыз. Біздің белсенді емес және қосалқы вакцина ДДҰ тізіліміне енгізілген. Белсенді емес вакцина бойынша біз клиникаға дейінгі сынақтарды аяқтадық. Шамамен 25 күн бұрын осы вакцинаны әзірлеушілердің өздері ерікті түрде вакцинацияланғанын білесіздер. Бүгін иммуноглобулин "М" және иммуноглобулин "G" антиденелерінің белседілігін көретін боламыз. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері бойынша вакцинаның аллергендігі туралы да сұрақтарды қарастырдық", дейді Білім министрі.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.