• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Тамыз, 2020

Елордада 23 тамыз күні қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылады

2299 рет
көрсетілді

Жексенбі күні, яғни 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сенбі күні (22 тамызда) қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Еске сала кетейік, жүргізушілер де соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жасайды.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз, соның ішінде  карта, SMS, QR-код арқылы төленеді.

24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.