• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Туризм 21 Тамыз, 2020

Ыстық көл қазақстандықтар үшін ашық

1065 рет
көрсетілді

Еліміздің азаматтары үшін Қырғыз республикасы өз шекарасын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қырғызстанның республикалық штабы елге кіре алатын мемлекеттердің тізімін жариялады. Ол қатарда коронавирустық инфекция жағдайларының төмендеуі және эпидемиялық ахуалдың тұрақтануы байқалатын мемлекеттер ғана кірді.

Тізімге келесі елдер кірді: Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Түрікменстан, Бельгия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Португалия, Түркия, Швейцария, Швеция, Катар, БАӘ, ҚХР, Малайзия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Словения, Кувейт, Жапония.

Айта кетейік, жыл сайын Қырғызстанға 8 миллионға жуық шетелдік азаматтар келеді, олардың 2 миллионға жуығы туристер ретінде демалып кетеді. Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, Дүниежүзілік туристік ұйымның жіктемесіне жататын алыс және жақын шетелдерден келген азаматтардың жалпы саны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 61,7%-ға немесе 2 млн 202,8 мың адамға азайып, 1 млн 368,3 мың адамды құраған. Соның ішінде Қырғызстанға туристер ретінде 2,4 мың, қызметтік сапармен 5,3 мың, жеке сапармен 1 млн 360,7 мың адам келген.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.