• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 22 Тамыз, 2020

"Nur Otan" праймеризіне үміткер мүмкіндігі шектеулі азаматтар онлайн-конференцияда бас қосты

217 рет
көрсетілді

"Nur Otan" партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау мәселелерімен айналысатын жұртшылық өкілдерінің қатысуымен "Nur Otan" партиясының праймеризіне арналған кезекті ZOOM-конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қатысушылар арасында праймеризге үміткерлер – мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олар үлкен ерік-жігердің, өмірлік белсенділіктің, жұмыс істеу және қоғамға пайдалы болудың үлгісін паш етіп келеді. Конференцияны "Алматы қаласы мүгедектер ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлетігінің төрайымы Ләззат Қалтаева жүргізді.

"Жергілікті жерлер болсын, орталық болсын, күнделікті өмірде, әртүрлі проблемаларға тап болған және оларды жеңіп шыққан, өмірлік ұстанымы бар азаматтар депутаттар арасында неғұрлым көп болса, шешім қабылдау рецептерін білетін болады. Бұл біздің еліміз үшін пайдалы болатынына сенімдімін", - деді Арман Қырықбаев.

Оның айтуынша, праймериз – үлкен мүмкіндік, сондықтан бұл сұраққа байыппен қарау керек. "Nur Otan" партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне әрқашан көңіл бөледі.

Өйткені, партияның ең жоғары құндылықтары – адам және оның құқықтары мен бостандықтары, бұл Саяси доктринада көрсетілген. 2014 жылғы 17 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан жолы – 2050" атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында "Nur Otan" партиясына мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмысқа жетекшілік етуді тапсырды.

Сол жылы "Кедергісіз келешек" жобасы іске қосылды. "Тең мүмкіндіктер әлемі" мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы" ҚБ басшысы Нұргүл Ұлжекова онлайн-конференция барысында ерекше адамдардың өмірін өзгерту мүмкіндігін праймеризден көретінін атап айтты.

"Менің партияға деген сенімім «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының жемісті жүзеге асырылуы барысында арта түсті. Өз балама ғана емес, ерекше қалаулары бар мыңдаған балаларға көмектесуге деген аналық ынта-жігерім соңғы 4 жылда инклюзивті спорттық секцияларды тегін өткізуіме себеп болды. Бүгінгі таңда біздің секцияда мүгедектіктің түрлі формасындағы 150 бала бар, тағы 200-ге жуығы кезекте тұр. Себебі оларды қарапайым спорттық секциялар қабылдамайды. Бұл жүйелі проблемаға айналған. Праймериз арқылы мен осы проблемаға назар аудартып, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың дайын алгоритмін және мүгедектігі бар адамдар арасында бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ инклюзивті білім беру мен әлеуметтік қорғауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар толықтыруларды ұсынғым келді", деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің виедоүндеуінде Nur Otan-ның жақтастарын және партияластарды еліміз үшін маңызды саяси оқиғаға белсене қатысуға шақырды. 17 тамызда еліміздің барлық аймақтарында "Nur Otan" партиясының праймериздеріне кандидаттарды ұсыну және тіркеу басталды.

Қазіргі уақытта алты мыңнан астам адам партияішілік іріктеуге қатысуға ниет білдірді. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар "Праймериз" арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.