Сенат депутаты Д.Әділбеков Көкшетау қаласында болып, жылыту маусымына дайындық мәселесіне назар аударды.
Қазір коммуналдық қызметкерлер жылу желілерін жөндеумен айналысуда. 2 көміртозаңды қазандығының беріктігі тексерілді. Магистральдық және орамішілік жылу жүйелері де тексеруден өткізілуде.
Сондай-ақ сенатор жылу магистральдарының құрылысы мен қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Мердігерлер жұмысты мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік бар екенін хабарлады. Бүгінде жоба 70%-ға аяқталып тұр. Коммуналдық желілерді жаңартумен қатар, Көкшетауда тұрғын үйлер, оқушылар сарайы мен жағалау құрылыстары жүруде.