Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күн сайын 270 полиция қызметкері шығады, олардың 151-і - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, ал 119-ы полиция қызметкерлері. Ағымдағы жылдың 7 айында облыс бойынша полицияның кешенді күштері 2300-ден астам, оның ішінде 1417-і облыс орталығындағы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше Петропавлда полицияның кешенді күштерінің жалпы гарнизондық таратылымы өтті. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев офицерлер мен сержанттардың кешкі ауысымда қызмет етуге дайындығын тексерді.
Таратылым алдында облыстық полицияның басшысы Петропавл қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының көліктерінің жай-күйімен танысты. Бұл бөліністің қызметкерлері тәулік бойы облыс орталығындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне бақылау жүргізеді. Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі олардың кәсібиліктері мен ұтқырлығына байланысты. Марат Төлебаев көшелерді патрульдеу кезінде бейне жазу жүйесінің мүмкіндіктерін кеңірек пайдалануға, сондай-ақ арнайы көліктердің жағдайын ұқыпты ұстауға тапсырма берді.
Департамент бастығы амуницияның жай-күйін, офицерлердің сыртқы келбетін, қызметкерлердің көңіл-күйін тексерді. Учаскелік полиция инспекторларының назарын ауысым барысында бейнежетондарды пайдалану қажеттілігіне аударды. Өзінің сөзінде ол қызмет атқару кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтап, әдепті және сыпайы болуды атап өтті. Басты міндет - халыққа көмек көрсету, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың тыныштығын қорғау деді ол.
ПЕТРОПАВЛ
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.